What are you looking for?

Қазақстандықтарға жылдық 547 пайызбен 1,5 млрд теңгеге тең шағын несие берілген

02.07.2025

Оралда ірі көлемдегі шағын несиелер заңсыз берілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі 2025 жылдың 2 шілдесінде хабарлады.

ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Орал қаласының тұрғындарына лицензиясыз микрокаржылық қызмет көрсеткен тұлғалар тобына қатысты тергеу жүргізуде. Бес жыл бойы күдіктілер "Жылдам ақша" деген атаумен кеңінен тараған филиалдар желісі арқылы азаматтармен жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асатын микроқаржы келісімшарттарын жасаған. ҚМА баспасөз қызметі

Несиенің пайыздары бөлек шарт арқылы "кеңес беру қызметі" ретінде көрсетілген. Бұл қызметтер күдіктінің туысына тіркелген, олармен байланысы бар ЖШС арқылы рәсімделіп отырған.

Қарыз алушылар күнсайын 1,5% төлеуге мәжбүр болған, бұл заңмен белгіленген шекті мөлшерлемеден 0,3% яғни бес есеге артық.

Аталған заңсыз микроқаржы ұйымы арқылы 47 мыңнан астам қарыз жоғары пайызбен берілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, заңсыз алынған табыс көлемі 917 млн теңгені құрайды.

Соттың санкциясымен күдіктілердің мүлкіне – өндірістік коммерциялық нысан мен бір пәтерге – тыйым салынды.

Тергеу жалғасуда.

Жыл басынан бері жосықсыз бес микроқаржы ұйымы жабылды. Олардан 71 миллиард теңге артық төлеген 300 мыңнан астам азамат зардап шекті.

Social Link

Follow Me On Social Media