What are you looking for?

Жұлдыз Әбдікәрімова жағымсыз жайтқа тап болды

02.07.2025

Хитмен Қайрат Нұртастың жары, танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова тағы да алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды Ел кз интернет порталы.

Актриса әрі продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова екі жыл бұрын жиһаз сатып алу мақсатында жарнамасы кеңінен таралған компанияға сеніп, 70% алдын ала төлем жасағанын айтты. Алайда уәде етілген мерзімде тапсырысы келмеді, әрі компаниядан ешқандай жауап болмады. Соңында актрисаны әлеуметтік желілерде блокқа салып, хабарласпай кеткен.

Жұлдыздың сөзінше, келісімшартта көрсетілген мекенжайдың жалған екені анықталды. Бұл жағдайдан үлкен сабақ алған ол енді тек көз жеткізіп барып ғана тапсырыс беретінін атап өтті.

Сонымен қатар, Жұлдыз соңғы кезде жүйкесінің сыр беріп жүргенін де жасырмады. Қиындықтар актрисаның эмоционалдық жағдайына әсер еткенін мойындады.

Social Link

Follow Me On Social Media