2025 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 25 жылдығына орай 35-десанттық-шабуылдау бригадасының базасында салтанатты шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға құрметті қонақтар, ардагерлер, әскери қызметшілер және жастар қатысады.
Бағдарламада:
-
Салтанатты митинг;
-
Жауынгерлік шеберліктерді көрсету;
-
35-десанттық-шабуылдау бригадасы әскери қызметшілерінің плацқа парашютпен қонуы;
-
Әскери және шығармашылық ұжымдардың концерті.
Іс-шараға сынақшы-ұшқыш, ғарышкер, Халық қаһарманы генерал-лейтенант — Талғат Мұсабаев, «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасының кеңесшісі — Бейбіт Баяндин, Халық қаһарманы подполковник — Азамат Жұмаділов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері – Алуа Байқадамова, парашютші-спортшы, Қазақстанның және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы — Ирина Филина шақырылды.
Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі басшылығы және Қарулы күштер ардагерлері қатысады.
Айта кетейік, іс-шара 5 шілде күні сағат 09:00-де 32363 әскери бөлімшесінде өтеді.