What are you looking for?

Алакөлде 4,8 миллион турист демалды

03.07.2025

Бұл ақпаратты Жетісу облысы әкімдігі таратты.

Соңғы 3 жылда Жетісу облысы Алакөл ауданына келген туристердің саны 4,8 миллионға жуық адамға жетіп, оларға 29,4 млрд. теңгенің қызметі көрсетілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресми мәлімет бойынша, биыл 51 жұмыс орны ашылып, 17 туристік нысан іске қосылған. Аймаққа 2,4 млрд теңгенің инвестициясы тартылды. Сонымен қатар қазір өңірде 500 орындық 3 ірі туристік нысанның құрылысы жүріп жатыр.

– Экономиканың негізгі драйвері – инвестиция. Үш жылда ауданға тартылған инвестиция көлемі 305,9 млрд. теңгеге жетті. Бюджеттен тыс қаражат есебінен 5 ірі жоба іске асырылып, 432 жұмыс орны ашылды. Соның бірі "Достық-Мойынты" теміржол желісін салу жобасы негізінде аудан аумағынан өтетін 134 шақырым теміржол учаскесінің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар биыл "Дар Раил" серіктестігі логистикалық парк сала бастайды, – деді Алакөл ауданының әкімі Алмас Әбдинов.

Құрылыс саласында үш жылда 79,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, өткен бес айда оның көлемі 8,3 мың шаршы метр болып отыр.

Ауданда орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған елді мекендердің үлесі 92,8 % жетті. Сол сияқты соңғы үш жылда аудандық маңызы бар 44,3 шақырым автокөлік жолы жөнделді. Ал биыл 10 елді мекеннің 24 көшесі орташа жөндеуден өтеді.

Бір атап өтерлігі, "Жайлы мектеп" ұлттық жоба аясында Достық ауылында 600 орынды мектептің құрылысы жүріп жатыр. Биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде. Оған қоса бүгінгі күнге дейін 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 7 блокты кешен орнатылды.

Алакөл ауданы – Жетісу облысындағы әлеуеті мол шекаралық аймақтың бірі. Сондықтан ауданды дамытуда және халықтың әл-ауқатын жақсартуда оның туристік, көлік-логистикалық, өнеркәсіптік және басқа да бағыттарына басымдық беріледі.

Social Link

Follow Me On Social Media