Ұшақта электронды темекі шеккен жолаушы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2 шілде күні Стамбұл – Астана бағытындағы әуе рейсі елорда әуежайына қонғаннан кейін, әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері шетелдік құқық бұзушыны анықтап, ұстады.
Тексеру барысында көлік полицейлері 40 жастағы шетелдік азаматтың ұшақтың әжетханасында электронды темекі шеккенін анықтады.
Полицияның мәліметінше, осы жылдың алты айында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жолаушылар пойыздары мен әуе кемелерінде түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін акт бойынша 638 адамды түсірді.
Оның 363-і жолаушылар пойыздарынан, 275-і әуе көлігінен түсірілген.