ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті «зергерлік бұйымдармен айналысатын » деген желеумен жұмыс істеген қаржы пирамидасының жолын кесті
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
«Ansar Gold» уәделермен сендіріп, қаржы пирамидасын құрған
Күдіктілер өздерін зергерлік бұйымдар сататын компания ретінде таныстырып, салымшыларға 5 ай ішінде салған ақшасының 40-60% көлемінде пайда табатынын уәде еткен. Сонымен қатар, негізгі капиталдың сақталуына кепілдік берілген.
Төлемдер шынайы табыстан емес, жаңа салымшылардан түскен
Қаржылық сараптама нәтижесінде табыс көзі ретінде көрсетілген тауар сату іс жүзінде мардымсыз болғаны анықталды. Төлемдер жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүргізілген, яғни классикалық қаржы пирамидасы схемасы қолданылған.
200-ден астам адам алданған
Жалпы саны 200-ден астам азамат «Ansar Gold» жобасына қатысқан. Олардың салған қаражаттарының жиынтық көлемі 400 миллион теңгеден асады.
Ақша айналымына туыстарының банк карталарын пайдаланған
Күдіктілер өздерінің туыстарын «дроп» ретінде пайдаланған. Олардың атына рәсімделген банк карталары арқылы қатысушылардың қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырған.
Ұйымдастырушы қамауға алынды, мүлкіне шектеу қойылды
Қаржы пирамидасын ұйымдастырған адам қамауға алынды. Қазіргі таңда оған тиесілі автокөлік пен тұрғын үйге шектеу қойылған. Тергеу ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жалғасып жатыр, өзге ақпарат жария етілмейді.