What are you looking for?

Астанада тағы да автобус апаты болып, жолаушылар зардап шекті (ВИДЕО)

04.07.2025

2025 жылы 3 шілдеде Астанада автобус апатқа ұшырап, салдарынан жолаушылар зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.

Оқиға орнында түсірілген видео желіде жарияланды. Астана қаласының полиция департаменті жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтаған.

"Астананың Сарыарқа ауданында жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем бригадасы жетті. Себебі жолаушылар апат салдарынан зардап шекті", – делінген хабарламада.

"Автобус жүргізушісі Қосшығұлұлы көшесімен келе жатып, Серкебаев көшесімен қиылыста келе жатқан Ford маркалы автокөлікке жол бермеген. Салдарынан екі көлік соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобуста болған үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ полиция көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтап, көше қиылыстарында мұқият болу керегін ескертті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Astana Brother | АСТАНА | СЕРГЕК (@astana_brother)

Social Link

Follow Me On Social Media