What are you looking for?

Путинмен сөйлескен Трамп нәтиже шықпағанына қынжылды

04.07.2025

Бұл туралы Ақ үй басшысы БАҚ сауалына берге жауабында айтты.

Бейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік әріптесі Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Украина мәселесін талқылады. Ақ үй басшысы бұл әңгімеге көңілі толмағанын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты EADaily-ге сілтеме жасап.

"Ұзақ әңгімелестік. Біз көптеген тақырып жайлы сөйлестік. Оның ішінде Иран жайын да, Украинадағы соғыс туралы да сөз болды. Менің көңілім толмайды… Мен онымен әңгімеде ешқандай нәтижеге қол жеткізбедім", – деді Трамп журналистерге берге сұхбатында.

Жыл басынан бері Путин мен Трамп телефон арқылы осымен алтыншы рет сөйлесіп отыр. Кремльдің таратқан нұсқасына сенсек, екі ел басшылары Сирия, Иран және Таяу Шығыстағы жағдайды да талқылаған.

Бұған дейін Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлескенін жазған едік.

Сондай-ақ АҚШ Украинаға берген уәдесінен айнып шыға келді. Вашингтон Киевке уәде еткен оқ-дәрілердің бір бөлігін жеткізуді тоқтатты.

Social Link

Follow Me On Social Media