What are you looking for?

Түркістан облысында діни алауыздықты қоздыруға тырысқандар ұсталды

10.03.2025

Ішкі істер органдарының қызметкерлері Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратып , діни алауыздықты қоздыруға тырысқан күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері ҰҚК-мен бірлесіп, құрамында Мақтаарал ауданының тұрғындары бар радикалды діни топтың қылмыстық әрекетін тоқтатты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің бұл топқа радикалды діни көзқарастары бойынша біріккені анықталды. Олар әлеуметтік желілерде басқа діндегі азаматтардың қадір-қасиетін және діни сезімдерін қорлайтын сөздер жариялап отырған. Сот бұрын экстремистік деп таныған аудио және бейнематериалдарды халық арасында таратқан, — деді ІІМ-де.

Күдіктілердің тұрғылықты жері мен жұмыс орындарын тінту барысында 20-дан астам діни әдебиет, есірткі құралдары, оқ-дәрілер, заңсыз сақталған қару және басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Топ жетекшілері соттың санкциясымен қамауға алынды.

Жасалған қылмыстық әрекеттердің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда, — деп атап өтті полиция ведомствосы.

Social Link

Follow Me On Social Media