Жетісу облысында банкке айыппұл салынды, ал оның қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңір прокуратурасының ақпаратына сүйенсек, заңмен резидент еместерге шоттарды қашықтан ашуға және төлем карталарын шығаруға тыйым салынған, керісінше банк қызметкері шет мемлекеттің азаматына оның жеке қатысуынсыз есепшот ашқан.
Есепшот кейіннен интернет-алаяқтармен азаматтардан ұрланған қаражатты аудару үшін пайдаланған.
"Банк Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 214-бабының 4-бөлігі (қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қабылдамауы) бойынша жауапкершілікке тартылды. 1 000 000 теңгеден астам сомаға сот салған айыппұлды банк төледі",- делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, банк қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодексінің 254-бабы (міндеттеріне адал қарамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бұған дейін Алматыда Райымбек даңғылының бір бөлігі уақытша жабылғандығы хабарланған болатын.