Шешімге Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қол қойып бекітті.
2025 жылғы 24 маусымда қазақстандық үш шығармашылық жоғары оқу орындарына Мемлекет басшысының 18 стипендиясы бөлінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 251 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлуді іске асыру мақсатында бұйырамын. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу бекітілсін", – делінген құжат мәтінінде.
Стипендиялар келесі жоғары оқу орындарының студенттеріне тағайындалды:
– Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы — 4 стипендия;
– Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті — 10 стипендия;
– Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы — бакалавриаттың 3 студентіне және магистратураның 1 студентіне стипендия берілді.
Аталған бұйрық 2025 жылғы 14 шілде де күшіне енеді.