What are you looking for?

Санжар Тәшкенбай елімізде өтіп жатқан Әлем кубогының финалында жеңіске жетті

06.07.2025

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының сапында өнер көрсететін Санжар Тәшкенбай Астанадағы Әлем кубогы кезеңінде алтын жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық былғары қолғап шебері 50 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында Джей Брайан Барикуатромен (Филиппин) кездесті.

Санжар Тәшкенбай жекпе-жек барысында жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетіп, жеңісті суырып алды.

Осылайша, күндізгі сессияның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде алты алтын және бір күміс медаль бар. Бұған дейін Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Бекзад Нұрдәулетов (85 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін) және Наталья Богданова (70 келіге дейін) чемпион атанған болатын. Ал, Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Social Link

Follow Me On Social Media