What are you looking for?

Берлинде Жаһандық әйелдер форумы өтті

07.07.2025

«Цифрлық дәуірде құндылықтарды қалпына келтірудегі әйелдердің рөлі». Осындай тақырыппен Берлинде Жаһандық әйелдер форумы өтті, деп хабарлайды 24kz.

Ауқымды іс-шараға Қазақстан атынан бизнесте жетістікке жеткен 50 кәсіпкер әйел қатысты. Саммитте жасанды интеллект бизнеске қалай әсер етіп жатыр, бұл кәсіпкерлер үшін қандай қауіп пен мүмкіндік береді деген сияқты мәселелер талқыға түсті. Жиынның Берлинде өтуінің өзіндік себебі бар. Германия саясат пен кәсіпкерліктегі әйелдер саны бойынша Еуропада үздік 5 елдің қатарына кіреді. Кейінгі 35 жылда жаһандық экономикадағы әйелдер саны 2 есе артқан. Форумға қатысушылар: «Бұл саммит – жаңа әріптестік орнатудың таптырмас алаңы», — дейді.

Раушан Сәрсембаева, Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығының президенті:

- Біз тек ұйымымызды емес, тұтас әйелдер қозғалысын, Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін насихаттап жүрміз. Қазір елімізді бәрі біледі. Жаһандық саммит өтетін мемлекеттерге жыл сайын барып тұрамыз. Тәжірибе алмасып, тың идеялармен танысып, зерделейміз. Қазіргі басқосуға 60 елдің өкілдері қатысып жатыр.

Назгүл Мақжан, кәсіпкер, Астана қаласы әйел кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі:

- Бұл саммиттің басты мақсаты – Оңтүстік-Шығыс елдерінде тұратын әйелдердің шешім шығарушы органдарға ынталандыру сияқты мақсаттарды алдына қояды. Сонымен қатар дағдарыс кезінде әлемде болып жатқан катаклизм, теріс әрекеттердің ішінде кәсіпкерлердің жағдайы оңай емес. Сондықтан осы алаңда басқа елдердің, үлкен деңгейдегі компаниялардың өкілдерімен кездесіп, Қазақстанда кәсіпкерлік климатты қалай жақсартуға болатынынан сабақ алып жатырмын.

Social Link

Follow Me On Social Media