What are you looking for?

Трамп Тоқаевқа Қазақстанға енгізілетін 25 пайыздық баж салығына байланысты хат жолдады

08.07.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2025 жылғы 1 тамыздан бастап АҚШ Қазақстан тауарларына 25% мөлшерінде тарифтік баж салығын енгізуді жоспарлап отырғаны туралы хат жазды , деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл хатты ол Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады.

"Егер Қазақстан немесе сіздің елдегі компаниялар өнімді АҚШ-та өндіру немесе зауыт салу туралы шешім қабылдайтын болса, бұл тариф алынбайды. Біз рұқсат беру процестерін тез әрі кәсіби түрде жүргізу үшін бар күшімізді саламыз – яғни, бірнеше аптаның ішінде", – делінген хатта.

АҚШ президенті бүгін дәл осындай хаттарды Малайзия (25%), Лаос (40%), Оңтүстік Африка (30%), Мьянма (40%), Жапония (25%) және Оңтүстік Корея (25%) елдерінің басшыларына да жолдады.

Бұған дейін Илон Маск өзінің "Америка" атты партиясын құрғандығын жазғанбыз.

Social Link

Follow Me On Social Media