What are you looking for?

Көлік терезесін қараңғылауға ақылы рұқсат беру: Жұманғарин 4 сөйлеммен жауап берді

08.07.2025

Қазіргі таңда мүдделі мемлекеттік органдар бұл мәселені зерттеп жатыр.

Үкімет басшысының орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәжіліс депутаттарының көлік терезесін қараңғылауды ақылы түрде заңдастыру туралы ұсынысына ресми жауап берді.

Дегенмен, жауап 4 сөйлемнен ғана тұрады:

"Автокөліктердің алдыңғы бүйік әйнектерін ақылы түрде қараңғылауды заңдастыру туралы депутаттық сауалды қарап, келесіні хабарлаймын. Қазіргі таңда бұл мәселе мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қаралып жатыр. Қорытынды позицияны айқындау үшін Үкіметте жиын өткізуді жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты бұл мәселені қарау нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз".

Еске салайық, мәжіліс депутаттары көлік әйнегіне қараңғылайтын жапсырма күн сәулесін 70 пайыздан кем емес дәрежеде өткізетін болса, оған рұқсат беруді ұсынған болатын. Ақылы қызметтен түскен қаражат бюджетті толықтыруы тиіс.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі департаментінің басшысы Ренат Зұлхайыров бұл мәселе жан-жақты зерттелуі қажет екенін айтқан болатын. Өйткені, көлік терезесін қараңғылауға тыйым салынған кезде оған жол-көлік апаттарының көбейгені себеп болған еді. Сәйкесінше, енді жаңа зерттеулер жүргізілуі қажет.


Оқи отырыңыз:

  • Көлік терезесінен қол, бас шығарған азаматтарға айыппұл салынуы мүмкін
  • Қазақстанда кейінгі үш жылда 800-ден астам автокөлік заңсыз тіркелген

Social Link

Follow Me On Social Media