What are you looking for?

«Ұнайды маған» музыкалық жобасының іріктеу кезеңі жалғасуда

08.07.2025

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы қолға алған «Ұнайды маған» музыкалық жобасының іріктеу кезеңі өңірлерде қыза түсті. Бүгін Қарағанды қаласында 40 тарта қатысушы өз өнерлерін көрсетіп, бақ сынады. Облыстың түкпір-түкпірінен келген қатысушылар арасында түрлі сала өкілдері бар. Бірі қарапайым жұмысшы болса, бірі мұғалім. Тіпті ел арасына танымал айтыскер ақын да бар. Естеріңізге салайық, байқау онлайн әрі оффлайн түрінде еліміздің ірі қалалары мен облыстарында өтуде. Жүзден жүйріктері телевизиялық жобаға шақырту алады .

Еркеғали Бекболат, қатысушы:

Бала кезден ән айтып келемін. Өзімнің авторлық әндерім де бар. Шыққаны бар, шықпағаны бар.

«Ұнайды маған» мегажобасының кастингі өтті

Ал Оралда жаңа музыкалық мегажобаның кастингі «Aqjaiyq» телеарнасында өтті. Мақсат — танылмаған таланттарды ашу, олардың кәсіби үлкен сахнаға шығуына мүмкіндік беру. Қатысушылар тек акапелла жанрында ән орындауы тиіс. Музыкалық сүйемелдеуге немесе аспап қолдануға тыйым салынады. Әр үміткерге табиғи дауыста 2 ән орындауға болады. Оның бірі міндетті түрде қазақ тілінде болуы тиіс. Екінші туынды қатысушының өз таңдауына байланысты. Үміткерлерге «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының бастауымен қолға алынған бірегей жобаның музыкалық продюсері, режиссёрі, продюсері ең үздіктерін таңдап, жолдама береді. Кастинг нәтижесі 14-15 шілдеде жарияланады. «Ұнайды маған» атты жаңа музыкалық талант-шоуы

Айбек Тұрарбеков, «Ұнайды маған» мегажобасының кастингіне қатысушы:

Үйде қолдап отырған отбасыма рақметімді айтқым келеді. Сол кісілер менің қатысуымды тіледі. Көп адам өзінің қорқынышын жеңе алмағанның кесірінен, осындай жобалардан құр қалып, таланттары ашылмай қалады. «Qazaqstan» ұлттық арнасына «Ұнайды маған» жобасын ұйымдастырғандарына сәттілік тілеймін!

Ардақ Мұратқызы

Жандос Бақытұлы

Social Link

Follow Me On Social Media