Қытай Еуропамен қарым-қатынасқа үлкен назар аударып отыр.
Бұл туралы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының (БХӨЖ) баспасөз хатшысы Лоу Цинцзянь айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты russian.china.org.cn басылымына сілтеме жасап.
Айтуынша, Қытай Еуропамен қарым-қатынасқа үлкен назар аударып отыр. Екі тарап бір-бірінің табысына үлес қосып келеді.
Қытай мен Еуропа арасындағы тұрақты дамуы екі тараптың ұзақ мерзімді мүдделеріне, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың негізіне сай келеді. 2025 жылы Қытай мен Еуропалық Одақ арасында дипломатиялық қатынастар орнатылғанына 50 жыл толады.
"Соңғы 50 жылдағы деректер Қытай мен Еуропа арасында түбегейлі мүдделер қарама-қайшылығы немесе геосаяси қақтығыстар жоқ екенін бірнеше рет дәлелдеді. Оларды бір-бірінің табысына үлес қосатын серіктестер деуге болады", — деді ол.