What are you looking for?

Талдықорғанда экоакция аясында өткен байқау қорытындыланды

09.07.2025

Талдықорғанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған үздік бейнеролик байқауы қорытындыланды .

Жастар ұйымдарының мүшелері қатысқан жарыс «Менің экокүнім», «Табиғат тіл қатады» және «Қоқыстан кейінгі өмір» деген үш тақырып бойынша өтті. Қатысушылар роликтерді сенбіліктер мен таза бейсенбілік кезінде өздері түсіріп, өңдеп, әлеуметтік желіге шығарған. Ұйымдастырушылар мұндай байқауды алдағы уақытта да өткізуді жоспарлап отыр. Себебі жастар ұсынған роликтердің экологиялық мәдениетті арттыруда рөлі зор дейді. Байқау нәтижесі бойынша Сарқан, Ақсу аудандары мен Текелі қаласының жастары үздіктер қатарынан көрінді.

Мираш Сейітқали, жоба жетекшісі:

- Жалпы бұл мақсаты осы облыста, елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Қоқыстан айналаны тазарту деген сияқты мақсатта байқау жүргізіп жатырмыз.

Social Link

Follow Me On Social Media