АҚШ-тың Нью-Мексико штатында тасқыннан 3 адам қаза тапты. Олардың екеуі бала. Тағы 3 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы жергілікті «CBS News» телеарнасы хабарлады. Аймақта тұрғындар үйлері мен көліктерінен шыға алмай, қамалып қалған. Су шайып кеткендері қаншама. Билік тұрғындарды көшіріп жатыр.
Техастағы тасқын құрбандары 120 адамға жетті
Ал Техас штатында табиғи апаттан құрбан болғандар саны 120 адамға жетті. Тағы 170 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы The New York Times басылымы хабарлады. Аймақта іздеу-құтқару жұмысы 6 күннен бері жүріп жатыр. Оған жүздеген құтқарушы мен ерікті тартылған.