Алматы әкімдігі сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің жаңартылған тізімін ұсынды. Оның ішінде құрылысы әлі басталмаған, рұқсат құжаттары жоқ нысандар да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматы әкімдігінің ресми сайтында жарияланған өзекті ақпаратқа сәйкес, тізімге 28 тұрғын үй кешені енген.
Алатау ауданы:
- "Питтсбург" ТҮК – Дархан ықшам ауданы, Сабатаев көшесі, 24;
- "Достар Deluxe" МТҮК – Мәдениет ықшам ауданы, 185/8.
Алмалы ауданы:
3. Auezov Apartaments ТҮК – Қарасай батыр көшесі, 183/19;
4. Tole bi Residence ТҮК – Аносов көшесі, 103 Б;
5. "Кабанбай батыр" ТҮК – Исаев, Қабанбай батыр, Байғанин, Қарасай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан;
6. M-Park 2-кезеңі – Әуезов көшесі, 2/8.
Бостандық ауданы:
7. "Швейцария" ТҮК – Нұрлытау ықшам ауданы, 1480/1, 1480/10, 1480/8, 1480/6, 1480/23, 1480/22 учаскелерінде;
8. Rich клуб үйі – Мирас ықшам ауданы, 24/1, 24/2;
9. 7 Avenue ТҮК – Ремизовка ықшам ауданы, 7-ші тұйық көше, уч. 71, 73, 75;
10. Атауы жоқ көп қабатты тұрғын үй – Ерменсай ықшам ауданы, Жәнгір хан көшесі, 46;
11. Evim novo ТҮК – Қарғалы ықшам ауданы, Кенесары хан көшесі, 85/3;
12. Barakat ТҮК – Нұр-Алатау ықшам ауданы, Тауасарұлы көшесі, уч. 71/5, 71/6;
13. Montblanc ТҮК – Ерменсай ықшам ауданы, 7-ші тұйық көше, уч. 8;
14. Тұрғын үй құрылысы – ПК Горный Гигант, уч. 596/4;
15. Бақша үйлері – ПК Жанару, уч. 556;
16. Alatau park ТҮК – Нұр-Алатау ықшам ауданы, Баязитова көшесі, уч.13;
17. "Баганашыл" МТҮК – Мамыр саяжай серіктестігі, уч.138/2, 138/3, 138/4, 138/5.
Медеу ауданы:
18. Sky Club House клуб үйі – Фонвизин көшесі, 28;
19. Maison клуб үйі – Шашкин көшесі, 42/1;
20. Pine Hill Residence клуб үйі – 2-ші көше, уч. 33;
21. Alma Garden клуб үйі – 6-шы көше, уч. 7, 9;
22. Атауы жоқ көп қабатты тұрғын үй – Нұрмағамбетов көшесі, 374/1;
23. Compositor клуб үйі – Жамақаев көшесі, уч. 108.
Наурызбай ауданы:
24. "Люксембург" ТҮК – Қарғалы ықшам ауданы, Қали Надыров көшесі, уч. 71, 73, 75;
25. Flora ТҮК – Тастыбұлақ ықшам ауданы, Таутөген көшесі, уч. 6, 8, 10;
26. Lantana ТҮК – Үлкен Алматы ауылдық округі;
27. "Французский дом" ТҮК – Қарағайлы ықшам ауданы, Чапаев агроқұрылымы, уч. 426;
28. Атауы жоқ МТҮК – Кенесары хан көшесі, уч. 98.
"Тізілім құрылыс жүргізуге рұқсат құжаттарының толық пакеті жоқ, сондай-ақ жобадан ауытқуы және басқа да бұзушылықтары бар салынып жатқан бірқатар тұрғын үй кешенімен толықты. Тізім жарияланған күні өзекті.
Айта кетерлігі, бұл тізімге құрылысы әлі басталмаған, рұқсат құжаттары жоқ нысандар да енгізілген. Қала құрылысын бақылау басқармасының ақпараты бойынша, мұндай тұрғын үй кешендері бойынша ұсыныстар интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу нәтижесінде анықталған", — деп атап өтті ведомство өкілдері.
Әкімдік жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау департаментінің WhatsApp анықтамалық арнасы арқылы тұрғын үй кешеніне құжаттардың толық пакеті бар екеніне көз жеткізуді ұсынады: +7 705 89 66 000.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз