What are you looking for?

Астанада музыкалық фестивальға келушілер автокөліктерін қайда қалдыра алады

13.07.2025

Елордада 13 шілде күні ауқымды музыкалық фестиваль – ALEM FEST 2025 өтеді. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары өз автокөліктерін іс-шара өтетін орынға жақын маңдағы тұрақ алаңдарына қоя алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, көліктерді келесі орындарда қоюға болады:

  • "Астана Арена" стадионы аумағында,
  • "Алау" мұз сарайының маңында,
  • "Барыс Арена" мұз айдыны сарайында,
  • "Сарыарқа" велотрегінде,
  • Ботаникалық бақ жанында — Бұқар жырау және Орынбор көшелері жақтан, Керей-Жәнібек хандар көшесінің бойында және басқа да рұқсат етілген тұрақ орындарында.

Фестиваль қонақтары үшін әлемдік және қазақстандық жұлдыздардың өнер көрсетеді. Шақырылған әртістер қатарында Craig David, Sadraddin, Ёлка, Alem, IOWA, Банд’Эрос, Доминик Джокер, DJ Groove бар.

ALEM FEST – Қазақстандағы оқиғалы туризмді дамытуға үлес қосатын ірі мәдени жоба.

Фестиваль көрермендеріне жеке автокөліктің орнына қоғамдық көлікті пайдалануға кеңес беріледі.

Бұған дейін Көліктегі полицейлер азаматтарды теміржол бойында жүріс-тұрыс қағидаларын қатаң сақтауға шақырған болатын.

Social Link

Follow Me On Social Media