What are you looking for?

Янник Синнер Уимблдонның чемпионы атанды

13.07.2025

Синнер Уимблдонда чемпион атанған алғашқы италиялық теннисші.

Янник Синнер мансабындағы жаңа тарихи межені бағындырды. Ол Уимблдон-2025 турнирінің финалында испаниялық Карлос Алькарасты төрт сетте ұтып, алғаш рет аталмыш жарыстың чемпионы атанды. Есеп - 4:6, 6:4, 6:4, 6:4.

Бұл Синнер үшін "Үлкен дулыға" сериясындағы төртінші титул. Чемпиондықпен қатар ол 3 миллион 510 мың еуро көлемінде сыйақы алып, ATP рейтингінде 2000 ұпайға ие болды.

Ал Карлос Алькарас бұл жолы екінші орынмен шектелді. Ол турнирден 1 миллион 778 мың 400 еуро табыс тауып, 1300 рейтингтік ұпаймен шектелді.

Айта кетейік, Алькарас Уимблдонда соңғы екі жыл қатарынан жеңіске жеткен болатын. Өткен жылы ол финалда Новак Джоковичті ұтқан еді — 6:2, 6:2, 7:6. 2023 жылғы турнирде де Алькарас қарсылас шақ келтірмей, титулды еншілеген. Биылғы жарыста қатарынан үшінші жеңісті көздегенімен, оны Синнер тоқтатты.

Social Link

Follow Me On Social Media