What are you looking for?

Ыстықкөлде қазақстандық боксшы суға батып кетті

14.07.2025

Қазақстан бокс федерациясы қайғылы оқиға болған кезде ұлттық құрама жоспарлы жиында болғанын растады.

Спорт басқармасы Ибрагим Ирисматовтың Қырғызстанға өзі барғанын, ұлттық команданың жаттығуларына қатыспағанын айтып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкенттің спорт басқармасы Ибрагим Ирисматовтың қалалық Кәсіби бокс клубының (спорттық сауықтыру кешені) спортшысы екенін растады. Алайда оның Ыстықкөлде өтіп жатқан жаттығуларға қатысы жоқ.

"Жас жігіт Қырғызстанға демалу үшін өз ақшасына барған және басқа базада жатқан", – деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Қазақстан бокс федерациясы қайғылы оқиға болған кезде ұлттық құрама жоспарлы жиында болғанын растады. Ал Ирисматов қатысушылар тізімінде болмаған. Қайғылы жағдайдың команданың дайындығына қатысы жоқ, деп қосты федерация өкілдері.

Social Link

Follow Me On Social Media