Астанада жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі анықталып, 2 тәулікке қамауға алынды.
Республика даңғылы бойында патрульдік қызмет барысында елордалық патрульдік полиция қызметкерлері Hyundai көлігін тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тексеру барысында көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі жартылай жабылған жүргізуші нөмірдегі әріптердің бірін қағазбен жапқан. Осылайша ер адам жол ережелерін бұзғаны үшін автоматты тіркеуден жалтармақ және ақылы автотұрақтарда төлем жасамау ниетінде болған.
Мемлекеттік нөмірлік белгіні әдейі бұрмалау немесе жартылай жасыру – жалған нөмірлік белгіні қолданумен тең деп танылады.
Астана қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен жүргізуші 1 жыл көлік басқару құқығынан айырылып, 2 тәулікке қамауға алынды. Ал, автокөлік арнайы коммуналдық тұраққа қойылды.