What are you looking for?

Алматыда көше қиылысында газ құбыры жарылып, бір автокөлік зақымданды

16.07.2025

Оқиға аумағы қоршалды.

Алматыда Байзақов және Бұхар жырау көшелерінің қиылысында газ құбыры жарылды, деп хабарлайды QazaqGaz Aimaq АҚ.

Желіде жарылыстан аударылып қалған жеңіл көліктің бейнежазбасы жарияланды.

QazaqGaz Aimaq АҚ мәліметінше, "СантехКомплектГрупп" мердігер ұйымы орташа қысымды жаңадан салынған жерасты газ құбырына қысым беру жұмыстарын жүргізіп жатқанда ауа қоспасы шығып, жарылыс болған. Оқиға салдарынан жол жабыны, ағаш және бір автокөлік зақымданды.

"Оқиға орнына қаланың барлық тиісті апаттық қызметтері жедел жетті. Қазіргі уақытта аталған аумақта тексеру жұмыстары жүргізіліп, болған оқиғаның себептері анықталып жатыр. Оқиға аумағы қоршалды, халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қаза тапқандар жоқ", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Алматы іргесінде тұратын ел ауылды жайлаған жағымсыз иіске шағымданып отыр


Social Link

Follow Me On Social Media