What are you looking for?

Мемлекет басшысы 31 тамызда Қытайға барады

16.07.2025

Бұл туралы сейсенбі күні ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И мәлімдеді.

20-дан астам елдің басшылары мен 10 халықаралық ұйымның басшылары Тяньцзинь қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне және оған байланысты іс-шараларға қатысады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ван И Тяньцзиньде ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевпен бірлескен баспасөз конференциясында жариялағандай, Тяньцзинь ШЫҰ саммиті 31 тамыздан 1 қыркүйекке дейін өтеді.

"Бұл іс-шараларға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады", – деп хабарлады Қытайдың Сыртқы істер министрлігі.

Social Link

Follow Me On Social Media