Жалпы, 2024 жылдың сәуірінен бері 2100 компания жұмысын тоқтатқан.
Сол секілді, Ұлттық статистика бюросы ресейлік бизнес төмендеп жатқанына қатарынан бес тоқсан болғанын еске салады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Негізінен, бұл үрдіс 2022 жылы геосаяси жағдайлар шиеленіскеннен соң байқалған. 2024 жылдың сәуірінен бастап Қазақстанда Ресей азаматтарының қатысуымен жұмыс істейтін компаниялар саны 728-ге азайған. Бұл – соңғы алты жылдан аса уақыттағы ең үлкен қысқару.
Еске салайық, ресейлік компаниялардың үлесі азайғаны барлық салада байқалады. Ең үлкен төмендеу – сауда және IT салаларында тән. Солай бола тұра, Ресей Қазақстанда шетелдік компаниялар саны бойынша әлі де көш бастаған. Бірақ, ел нарығында Өзбекстан мен Қытайдың бизнесі қарыштап келеді.
2024 жылдың екінші тоқсанында Өзбекстаннан келген компаниялар саны 527-ге өсіп, 5,4 мыңға жетсе, қытайлық компаниялар саны 503-ке көбейіп, 4,5 мың болды.
Десе де, жалпы алғандағы шетелдік капитал қатысқан компаниялар саны 254-ке азайған, қазір 44,7 мыңға тең болып тұр. Бұл төмендеуге ең көп үлесті әлбетте Ресей беріп отыр.