Жақында үшінші рет ана атанған Ерке Есмахан үйінде фотосессия жасап, үш ұлының да фотоларын көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Перзентханадан келіп, үйде естеліккесуретке түстік. Ал дәл қазір Муслим Америкада оқуда, Ислам ата-әжесімен Оралда, Батыр қасымызда. Кішкентай жақында 1 айға толды. Енді қырқынан шығуды күтіп жүрміз. Барлығына Аллаға сансыз шүкір! Уақыттың қалай зымырап жатқанын сезесіздер ме?! Бәрі көзді ашып-жұмғанша өтіп жатыр. Сондықтан әр күнді бағалап, бақытты ғұмыр кешейік. Сәулелі сәттер көп болсын!”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары эстрада жұлдызының үйін Парижге ұқсатып жатыр. “Қандай керемет дизайн”, “Үйіңіз Париж болып тұр”, “Қыздың табиғатты қанша әдемі болғанымен ,тағдыры қолына алған азаматына байланысты”, “Нағыз бақыт – жанұямен бірге болу. Сіздерге қарап жүрек жылынады”, – деп жазды көпшілік.
“Аяғым ауыр кезде томпаңдап жүріп, үйге жасаған әдемілігімді байқағаныңызға рақмет! Әзір Парижге бара алмаймын, онда Париж үйге келсін дедім ғой”, – деп әзілмен жауап қатты өнер иесі.