What are you looking for?

Жетісу облысында ер адам жүкті әйелін аттың жалына байлап сүйреп өлтірген

17.07.2025

Жетісу облысында ер адам жүкті әйелін аттың жалына байлап сүйреп өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға 22 маусымда Жетісу облысындағы Баласаз ауылы маңында болған.

Марқұмның туыстарының айтуынша, 32 жастағы келіншекті мас күйеуі балаларының көзінше қатігездікпен азаптап өлтірген. Денесінің сау тамтығы қалмаған әйел ауруханаға жетпей жан тапсырған көрінеді.

Медициналық сараптама оның ауыр азаппен бақилық болғанын дәлелдеп отыр. Бұрын ауыл әкімі болуға кандитат атанған марқұмның күйеуі бұған дейін мал шаруашылығымен айналысқан. Қазір ол қасақана кісі өлтірді деген айыппен қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"Аталған іс ерекше бақылауда. Қылмыстық іс бойыша шындықты толық әрі жан-жақты анықтау мақсатында барлық шара қабылданды. Сот сараптамасы тағайындалды". Жетісу облысы полиция департаменті баспасөз хатшысы Бексұлтан Әнетұлы

Social Link

Follow Me On Social Media