What are you looking for?

ШЫҰ: Экстремизмге қарсы күрестің жаңа бағдарламасы әзірленеді

10.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

ШЫҰ экстремизмге қарсы күрестің алдағы 5 жылға арналған бағдарламасын әзірлемек. Ташкентте бас қосқан ұйымға мүше елдердің өкілдері құжаттың жобасын бекітті.

Аймақтық терроризмге қарсы құрылым кеңесінің 43-отырысында жиырмадан астам мәселе қаралды. Соның ең маңыздысы лаңкестік идеологияға қарсы тұру жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған ынтымақтастық жобасы. Ұйымға мүше елдердің құзырлы органдары алдағы уақытта лаңкестікке қарсы бірлескен оқу-жаттығуларын Беларусьте өткізуге уағдаласты.

Бүгінде ғаламторды террористік, сепаратистік және экстремистік мақсатта пайдалану жайы бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Ұйым елдері бұл мәселеде бірлесе күрес жүргізуді жалғастыра бермек.

Қурванбек Авазов, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы кеңесінің төрағасы:

Жасанды интеллект өмірімізге дендей еніп кетті десек болады. Бұл ретте белгілі бір жұмыстар жүргізіліп жатыр. Яғни, жасанды интеллектіні деструктивті күштерді дамытуға емес, пайдалы мақсаттарға ғана қолдану жайын бақылауда ұстау маңызды.

Базаркүл Отыншиева

Social Link

Follow Me On Social Media