What are you looking for?

Киев Мәскеумен жаңа келіссөздер жүргізуге дайын - Зеленский

20.07.2025

Украина президенті Владимир Зеленский сенбіде жариялаған видеоүндеуінде Киев Ресеймен жаңа келіссөздер кезеңін бастағанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Обозреватель" басылымына сілтеме жасап.

Зеленскийдің айтуынша, Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров Мәскеуге алдағы аптада кездесу өткізуді ұсынған.

"Келіссөздер үдерісі жеделдетілуге тиіс. Мұны тоқтату үшін барлық мүмкіндікті пайдалану керек. Ресей тарапы шешімдерден жалтаратын әрекетін тоқтатуы қажет: тұтқын алмасу, балаларды қайтару, адам өлтіруді тоқтату. Және ұзақмерзімді бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін мемлекет басшылары деңгейінде кездесу қажет. Украина мұндай кездесуге дайын", – деді Зеленский.

Ресей тарапына кездесуді нақты қайда және қашан өткізу ұсынылғаны белгісіз. Украинадағы бейбіт реттеу шарттарын талқылауға арналған Ресей мен Украина делегацияларының алдыңғы кездесулері 2 маусым мен 16 мамырда Ыстамбұлда өткен.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media