What are you looking for?

Алакөлде сынып қалған катамаран салдарынан төрт жасөспірім қиын жағдайға тап болды

20.07.2025

20 шілде күні Абай облысы Мақаншы ауданындағы Алакөл көлінде төрт жасөспірім бұзылып қалған катамаранмен жағадағы қашықтығы шамамен 600 метр жерде қалып қойған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқару жұмысына сол аумақта моторлы қайықпен патруль жүргізіп жүрген ТЖМ қызметкерлері жедел араласқан. Олар катамаранды сүйреп жағаға шығарып, балаларды аман-есен құтқарған.

"Медициналық көмек қажет болмады. Белгілі болғандай, катамаранның рөлі істен шыққан. Төтенше жағдайлар министрлігі су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады", — делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Social Link

Follow Me On Social Media