What are you looking for?

Еліміздің екі ірі мегаполис тұрғындарына дүрбелеңге салынбау керектігі ескертілді

21.07.2025

Қазақстанның сейсмикалық қауіпті өңірлерінде 23-24 шілдеде елімізде "Жер-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Оқу-жаттығуды үйлестіру республикалық штабы Шымкент қаласында орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 шілдеде сағат 10:00-де жойқын жер сілкінісі болуы ықтимал еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында "Баршаның назарына!" сирена-сөйлеу құрылғылары іске қосылады, сондай-ақ адамдар көп жиналатын объектілерде сейсмикалық жаттығулар өткізіледі.

"Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайды жоюға дайындық деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі. Аталмыш іс-шара республикалық және өңірлік азаматтық қорғау қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, шартты түрде жойқын сілкініс кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау арқылы өткізіледі. Оның барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер мен 4 далалық медициналық аурухана көрсетілетін болады". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Айта кетсек, 18 шілдеде қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 300 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді.

Social Link

Follow Me On Social Media