Бүгін Астана соты "BizBirgemiz Qazaqstan 2030" қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі мен оның анасына үкім шығарды.
Сот үкімімен соң Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаевадан мемлекетке тәркіленген мүлік тізімі және қаржы көлемі жария болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Олар:
– "Vela Village" коттедж қалашығындағы жеке үй;
– "Akbulak Riviera", "Sensata Plaza", "Highvill Ishim Gold", "Көк Жайлау" тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен автотұрақтар;
– "Mercedes-Benz S450" 2024 ж., "Lexus LX 600" 2024 ж;
– "Rebel Flowers" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% үлесі;
– 97 млн теңгеден астам қаражат және 22 мың АҚШ доллары.
– Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваның адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет әрі аса ірі көлемде жасалған алаяқтық, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру әрекеті жиналған дәлелдемелермен, жәбірленушілер мен куәгерлердің айғағымен, банк құжаттары және заттай толық дәлелденді, – деді судья Сабыржан Кәрімов.
Бұған дейінгі өткен сот процестерінде айыпталушылардан тәркіленуі мүмкін дүние-мүліктер сөз болған еді. https://inbusiness.kz/kz/last/4-avtokolik-5-pater-kottedzh-perizat-kajrattan-tarkilenui-mumkin-mulikter-malim-boldy