Ішкі Істер Министрлігі жыл басынан бері шетелдік азаматтарға 85 мыңнан астам туристік карта таратқан.
Шетелдіктер шекарадан өткен бойда, оның ішінде халықаралық әуежайларда осы карталарды алып жатыр. Ондағы QR-код бірнеше тілде пайдалы ақпарат көзделген порталға сілтеме жасайды. Атап айтқанда, миграциялық есепке алу ережелері мен тіркеу және такси қызметі мен ұялы байланыс операторлары туралы мәліметтер. Сондай-ақ шұғыл байланыс номерлері, полиция, жедел жәрдем, құтқару қызметтері де бар. Сонымен қатар мұндай карталарды демалыс орындарында туристік полицейлер де таратып жатыр.
Мамандардың айтуынша, басты мақсат — шетелдік азаматтардың қауіпсіздігі.
Фархат Отульшин, Астана әуежайындағы ЖПБ көші-қон қызметі бөлімшесінің басшысы:
- Карточкада 1 Гигабайт тегін беріледі. Шетелден ұшып келген азаматтар осыны қосады ұялы телефондарына. Сол себепті мұнда миграциялық заң бар, қалалық карта бар, таксистердің. Бұл жерде 4 тіл белгіленген. Қазақ, ағылшын, орыс және қытай тілінде.
Оңдасын Аштаев, ҚР ІІМ Көліктегі ПД басшысының орынбасары:
- Біздің мақсатымыз әрбір азаматтың, соның ішінде шетелдік қонақтар мен көліктің инфрақұрылымның қызметкерлерін қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әр бір азамат өзін қауіпсіз және жайлы сезіну бойынша жұмысымыз оңтайлы ұйымдастыру.