What are you looking for?

Алматының орталығында көлік қозғалысына шектеу енгізіледі

27.07.2025

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Бөгенбай батыр көшесінің кей бөліктері кезең-кезеңімен жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, көлік қозғалысына уақытша шектеулер келесі екі учаскеде енгізіледі:

  • 27 шілде күні сағат 23:00-ден 28 шілде сағат 06:00-ге дейін – Бегалин көшесінен Достық даңғылына дейінгі аралықта;
  • 28 шілде сағат 23:00-ден 29 шілде сағат 06:00-ге дейін – Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі аралықта.
"Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі көрсетілген стендтер орнатылады. Жолда ыңғайсыздық туындамас үшін маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз", — деп хабарлады әкімдік.

Social Link

Follow Me On Social Media