What are you looking for?

Еуропа әуежайларында қол жүгіндегі сұйықтыққа шектеулер жеңілдеуі мүмкін

27.07.2025

Еуропа әуежайларында жаңа тексеру жүйелері орнатылуына байланысты жолаушылар үлкен көлемдегі сұйықтықтарды қол жүгінде алып өту мүмкіндігіне ие болуы ықтимал, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews басылымына сілтеме жасап.

Еурокомиссия әуежайларға жарылғыш заттарды анықтай алатын заманауи сканерлер орнатуды жоспарлап отыр. Мұндай жүйе кейбір әуежайларда сынақтан өтіп, оң баға алған. Алайда бастамаға қатысты соңғы шешімді Еуропалық азаматтық авиация конференциясы қабылдайды.

Қазіргі қолданыстағы ереже бойынша, 100 мл-ден асатын сұйықтық (дәрі-дәрмек пен балалар тағамын қоспағанда) бортқа өткізуге тыйым салынған.

Сонымен қатар барлық еуропалық әуежайлар заманауи құрылғылармен жабдықталмағаны да айтылып отыр.

Social Link

Follow Me On Social Media