Дәрігерлердің бағалауынша, зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр.
Жол апатына қатысушылар ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауында жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасында Мойынқұм ауданындағы апаттан кейін ауруханаға түскен науқастардың жағдайы туралы баяндап берді.
"Зардап шеккендер Шу қалалық ауруханасының травматология бөліміне жеткізілді, оларға бас сүйек-мидың жабық жарақаты және мидың соғылуы алдын ала диагнозы қойылды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Дәрігерлердің бағалауынша, зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр. Олар клиникалық хаттамаларға сәйкес ем қабылдап жатыр.