What are you looking for?

Шымкентте жаңа жұмысшы мамандарды даярлау қарқын алды

28.07.2025

Колледждер барынша еңбек нарығына бағдарлануға ден қоя бастады . Солардың бірі – токарь аппаратының операторы. Жалпы биыл мемлекеттік тапсырыс көлемі артқан. Оқу бітіргендер арасында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Әлеуметтік жұмыс орындары» сияқты мемлекеттік бағдарламалар кең насихатталуда.

Нұрсейіт Ләбиханов, Колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары:

- Дәнекерлеу ісі, автокөлікке техникалық қызмет көрсету, токарьлық іс, электромонтер кәдімгі сол мамандықтар кез келген кәсіпорында сұранысқа ие мамандықтар. Мысалы, токарь деген кезде ескі станоктар еске түседі ғой. Былай қолмен істейтін сияқты. Қазіргі таңда жаңа технологиялар дамыған. Станоктар бар. Фрейзерный станок, токарьный станок. Олар қазір компьютер арқылы істеледі. Оны машина жасау саласында қолданады. Токарь жұмыстары бойынша оператор деген мамандық бар. Алдағы уақытта жаңа сондай мамандық ашу жоспарланып отыр.

Social Link

Follow Me On Social Media