Бұл туралы мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады.
Ресей империясының 1897 жылғы алғашқы жалпыхалықтық санағының деректеріне сәйкес, кейінірек Қазақ АССР-інің құрамына енген жерлерде 4,3 млн адам тұрған, олардың 3,5 млн қазақ болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Халық санының жылдар бойынша динамикасы төмендегідей:
•1913 ж. — 5,5 млн
•1920 ж. — 5,4 млн
•1922 ж. — 5,3 млн
•1939 ж. — 6 млн
•1959 ж. — 9,2 млн
•1970 ж. — 13 млн
•1979 ж. — 14,6 млн
•1984 ж. — 15,6 млн
"Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1991 жылы Қазақстан халқының саны 16,4 млн адам болды. Алайда көші-қон үдерістеріне байланысты 2000 жылы бұл көрсеткіш 14,9 млн дейін азайды. 2010 жылы халық саны қайтадан 16 млн межесінен асып, 16,2 млн адам болды.
2023 жылғы қарашада еліміздегі халық саны алғаш рет 20 миллионнан асты. Ал 2025 жылғы 1 маусымдағы соңғы деректерге сәйкес, Қазақстан халқының саны – 20,3 млн адам", – делінген хабарламада.