What are you looking for?

Ресми: Қазақстан құрамасының ең үздік сұрмергені Мәскеудің "Динамосына" ауысты (фото, видео)

28.07.2025

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы әрі ең үздік сұрмергені Бахтиер Зайнутдинов Түркияның "Бешикташ" клубынан Ресейдің "Динамо" клубына ауысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық футболшының өз қатарына қосылғанын мәскеулік клуб бүгін, 28 шілдеде әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Бахтиер Зайнутдинов жаңа клубпен 2029 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырған. Зайнутдинов "Динамо" сапында №9 нөмірімен өнер көрсетеді.

Мәміленің сомасы ресми жарияланбады, дегенмен Transfermarkt оны 2,8 млн еуроға бағалап отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ФК Динамо Москва | FC Dynamo (@fcdynamo)

"Бешикташ" командасы Зайнутдиновқа клубқа қосқан үлесі үшін алғыс айтып, "Динамомен" трансфердің барлық шарты бойынша толық келісімге келгендерін мәлімдеді. 27 жастағы футболшы жарақатына байланысты өткен маусымда түрік құрамасы сапында небәрі тоғыз ойын өткізген және оған жарақатынан айығуға ұзақ уақыт қажет болған.

Жалпы Зайнутдинов "Бешикташ" құрамында өнер көрсеткен екі жылда 12 ойын өткізіп, түрік клубымен Түркия кубогын, Суперкубогын жеңіп алған, сонымен қатар Еуропа лигасы мен Конференция лигасының матчтарына қатысқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ФК Динамо Москва | FC Dynamo (@fcdynamo)

Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов бұған дейін қазақстандық "Тараз", "Астана" футбол клубтарында, Ресейдің "Ростов" және ЦСКА командаларында ойнаған.

Сондай-ақ Зайнутдинов Қазақстан ұлттық құрамасының тарихындағы ең үздік сұрмерген саналады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Beşiktaş JK (@besiktas)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media