What are you looking for?

"Қайрат" маңызды матч өткізеді

29.07.2025

Бүгін, 29 шілде күні "Қайрат" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі жауапты матчында финляндиялық КуПС командасын қабылдайды.

Кездесу Алматы қаласында өтеді және Қазақстан уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады. "Қайрат" — КуПС матчының тікелей трансляциясы "Qazsport" телеарнасынан көрсетіледі.

Алматылық "Қайрат" бүгінгі матчта өз алаңында ойнайтынының арқасында айқын фаворит саналады. Дегенмен, келесі кезеңге жолдама алу үшін екі голдық айырманы жою оңай шаруа емес. Бұл үшін командадан ерекше жігер мен мінсіз ойын қажет болады.

Қарсыласынан басым түскенімен, КуПС футболшылары босаңсуға негіз жоқ екенін жақсы түсінеді. Финляндиялық клубтың плей-оффқа шығуы сырт алаңдағы қайсарлық пен тыңғылықты ойынға тікелей байланысты болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы матч Финляндияның Куопио қаласында өтіп, онда "Қайрат" КуПС командасынан сенсациялық түрде 0:2 есебімен ұтылып қалған болатын. Фин командасының сапында голдарды Мұхаммед Туре (49-минутта) және Яакко Оксанен (71-минутта) соқты.

Бұл жұптың жеңімпазы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде "Слован" (Словакия) — "Зриньски" (Босния және Герцеговина) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Сонымен қатар, үшінші кезеңге шыққан жағдайда "Қайрат" немесе КуПС командалары кемінде бір еурокубок турнирінің — Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы немесе Конференциялар лигасы топтық кезеңінде өнер көрсетеді.

Social Link

Follow Me On Social Media