Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің алғашқы айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz хабарлауынша, алғашқы кезеңде Путинцева қытайлық теннисші Ханью Гоудан 3:6, 3:6 есебімен ұтылды.
Матч 1 сағат 27 минутқа созылды. Бұған дейін қос спортшы кортта жолықпаған.
Келесі айналымда қытайлық теннисшінің қарсыласы польшалық Ига Швентек болады.
Бұған дейін әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко 27 шілде мен 7 тамыз аралығында өтетін WTA-1000 турниріне қатыспайтыны белгілі болған. Ал Елена Рыбакина бұл жарысқа қатысушылар тізімінде бар.