Танымал блогер, фотограф Ернар Алмабек желіде тағы бір ерекше видео жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .
Бұл жолы саяхатшы Алматы облысы Кеген ауданындағы жайлауды көрсетті.
"Теңіз деңгейінен 3000 метр биікте өмір сүретін жандарға қонаққа барып қайттым. Бұл — көшпелі өмір салтын ұстанатын шопандар. Олар жайлайтын Қараарша жайлауы таудың басында, Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасына жақын маңда орналасқан", — деді блогер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Yernar Almabek (@yernar.almabek)
Кадрларда мал қайырған шопандар, кілегей тартқан әйел, киіз үйдегі балалар көрінеді.
"Осындай интернет ұстамайтын жерге барып, балаларыма осындай өмір барын көрсеткім келеді", "Нағыз шынайы адамдар осылар ғой", "Неткен әдемі табиғат! Қарай бергің келеді!", "Барғым келіп кетті ғой", — деді желі қолданушылары.
Еске салайық, бұған дейін де Алматы облысының табиғаты жұртты тәнті етті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!