What are you looking for?

Мереке күндері жолда қалған 300-ден астам адам құтқарылды

10.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Астана – Павлодар және Астана – Щучинск бағытындағы тасжолдардың уақытша жабылуына байланысты пойыздарда қосымша орындар қарастырылды. Павлодар – Астана бағытында жүретін пойызда Ерейментаудан Астанаға дейін, Көкшетау – Астана және Бурабай – Астана бағытындағы пойыздарда Бурабай станциясынан Астанаға дейін қосымша орындар жасақталды. Өйткені өткен мереке күндері жолда қалған жолаушылар көп болды. Құтқарушылар 318 адамды қар құрсауынан эвакуациялаған. Оның ішінде 62-сі бала. Бүгін Қарағанды облысының Осакаровка ауданына жақын жерде жолаушылар автобусы жолда қалып, жүргізуші 112 қызметіне хабарласқан. Арнайы көлікпен жеткен құтқарушылар 40 жолаушыны Осакаровка теміржол вокзалына жеткізді. Зардап шеккендер жоқ. Жалпы ел бойынша Төтенше жағдай қызметкерлері барлығы 142 шақыртуға шыққан. Қалааралық жолда қар құрсауында қалған 38 автокөлік сүйреп шығарылды.

Оңғар Алпысбайұлы

Social Link

Follow Me On Social Media