What are you looking for?

Қызылорда облысында картон зауыты іске қосылады

29.07.2025

Қызылордада картон шығаратын зауыт салынып жатыр. Өндіріс ошағы осы жылдың үшінші тоқсанында іске қосылады. Өңірде жұмыс сапарымен жүрген сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов кешен құрылысын көрді.

Зауытты салуға «ЦКЗ» өндіріс индустриялық аймағынан 2,5 гектар жер телімі табысталған. Инвестициялық жобаның жалпы құны — 559 млн теңге. Қазір құрылыс жұмыстары 60 пайызға аяқталып, қондырғыларды орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Қуаттылығы айына 5400 тонна. Бұл жоба — экологиялық таза, қайталама шикізатты пайдалана отырып, жасыл экономиканы дамытуға қосылған нақты үлес.

Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Rem Plast кәсіпорнының қағаз және картон шығаратын зауыты өңірде баламасы жоқ жоба болмақ. Қазір нысанның жұмысымен таныстық. Кәсіпорынды қыркүйек-қазан айларында ашу жоспарланып отыр. Зауыт іске қосылған соң шамамен 40 адам жұмыспен қамтылады.

Әділбек Серікұлы

Social Link

Follow Me On Social Media