What are you looking for?

Жолда қалғып кеткен: Жүргізуші өз көлігінің астында қалып қаза тапты (ВИДЕО)

30.07.2025

30 шілде күні таңғы сағат 7:45 шамасында Қордай асуының етегінде ауыр жол апаты болды. Алдын ала мәлімет бойынша, «Газель» көлігінің жүргізушісі рульде қалғып кетіп, жол жиегінде тұрған КамАЗ-ға соғылған, деп жазады Skifnews .kz ақпарат порталы.

Қатты соққы салдарынан жүргізуші алдыңғы әйнек арқылы ұшып кетіп, өз көлігінің астында қалған. Өкінішке қарай, ол оқиға орнында көз жұмды.

Қазір жол-көлік оқиғасының нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media