What are you looking for?

“Астана” сырт алаңда жеңіске жете ала ма?

31.07.2025

Григорий Бабаян елордалық ұжым мен молдовалық команданың жеңіске деген мүмкіндігі 50/50 деп бағалап отыр.

Бүгін, 31 шілде күні елордалық “Астана” Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің жауапты матчында Молдованың “Зимбру” клубымен кездеседі.

Ойын Кишинев қаласында өтеді және Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.

Осы орайда “Астана” бас бапкері Григорий Бабаян Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі “Зимбруге” қарсы қарымта матч қарсаңында пікір білдірді. Маманның сөзінше, енді команда қарсыластың нақты әлсіз және күшті тұстарын тереңірек зерттеген.

– Бірінші ойын алдында бізде толық мәлімет болмағандықтан, “Зимбрудың” басқа клубтарға қарсы өткізген матчтарын талдадық. Қазір өзіміздің ойынымызға назар аударып, әлсіз тұстарымызды анықтауға тырыстық, – деді Бабаян.

Сондай-ақ, бапкер алғашқы матчтағы көрсеткішке де баға берді.

– Үйде өткен ойынды жаман өткізген жоқпыз. Бізге тек гол соғу жағы қиынға соқты. “Зимбру” өте ұйымшыл, ойыншылары мықты команда. Оны еш жағдайда бағаламауға болмайды. Бұрынғыдай-ақ, бұл жұптағы мүмкіндік – 50 де 50, – деп түйіндеді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын Астанада өткен алғашқы матч 1:1 есебімен аяқталған болатын.

Егер елордалық команда қарсыласын жеңіп шықса, үшінші іріктеу кезеңінде “Вардар” (Солтүстік Македония) – “Лозанна” (Швейцария) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Бұл кезеңнің ойындары 7 және 14 тамыз күндері өтеді.

Social Link

Follow Me On Social Media