Қазақстанда мұндай қызмет 2024 жылғы ақпанда іске қосылған болатын.
Қырғыз Республикасының Президенті несие ақпаратын алмасу және несие шартын жасасуға өзіндік тыйым енгізу мәселелеріне қатысты бірқатар заңнамалық актілерге түзетулерге қол қойды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа заңның мақсаты – азаматтарды олардың келісімінсіз рәсімделетін несиелермен байланысты қаржылық алаяқтықтан қорғау деңгейін арттыру және несие бюролары мен қаржы ұйымдары арасындағы ақпарат алмасуға қатысты заңнамалық қайшылықтарды жою.
Өзіндік тыйым – азаматтың тұтынушылық несие немесе қарыз шарттарын жасасу мүмкіндігінен өз еркімен бас тартуы.
Қабылданған заң бойынша өзгерістер "Несие ақпаратымен алмасу туралы" заңға және "Банктер және банк қызметі туралы" заңға енгізілді. Жаңа талаптар сақталмаған жағдайда жасалған несие шарттары жарамсыз деп танылады.
Оқи отырыңыз:
"Стоп кредит": несие алу мүмкіндігін бұғаттау сервисі алаяқтарға тұсау болды ма
"Ұят қой": Қазақстандықтар неліктен туыстарына өз атынан несие әпереді