Белгілі коуч Роза Әшірбаева мешітте сақалды еркек адам тиіскен 23 жастағы орамалды қыз туралы ел білмейтін ақпаратпен бөлісті.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Коуч оқиғаға қатысты тың дерекпен желідегі парақшасында бөлісті.
«Соғыс болса әйел мен баланы бізден басқа кім қорғайды? — деген сөздерді бәріміз естиміз.
Эммануелла өзінің арын, жанын, намысын қорғау үшін болған жайтты видеоға түсіріп, дәлелдеп, қылмыскерді соттатты өзі.
Бейбіт заманда, тал түсте мешітте, орамалды ұзын етекті қызды ешкім қорғаған жоқ қой. Қайда бәрі?
Қызықтың көкесі содан кейін басталды — жаңағы қылмыскердің достары, 23 жасар қаршадай қызды күндіз-түні үйінің алдында аңдып, айқайлап қорқытты.
Сонда бір топ еркек соқталдай бір еркекті қорғап жатыр ма? Кімнен? Қыздан ба?
Оны қойшы, “ұстаздар”, блогерлер мен әншілер жаңағы қылмыскер жігіттің жанына шығысып, 23 жасар өрімдей қызға қарсы шыққаны қалай кетті?
Мен түсінбедім, еркектер қызды қысымнан қорғаудың орнына, бір қызға топ болып жабылатындай не бастарыңа күн туды?», — деп жазды блогер.